Logo

ЕСІК КӘСІПТІК-
ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

8 (72775) 4-25-54

Есік кәсіптік-техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиян үлгі ережесі


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Есік кәсіптік-техникалық колледжінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты (бұдан әрі - Саясат) колледж қызметіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алу және оны болдырмауға бағытталған нақты өзара байланысты кешенді іс-шаралар қағидаларын қамтиды.

1.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына сәйкес дайындалды.

Осы Саясат Есік кәсіптік-техникалық колледжі (бұдан әрі-Колледж) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алу және оны болдырмауға бағытталған іс-шаралар.

2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізудің басты мақсаты Колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау, Колледж қызметкерлері мен студенттерінің, контрагенттердің жемқорлыққа қарсы сана-сезімдерін қалыптастыру.

2.2. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізуде қойылатын міндеттер:

2.2.1. колледж басшылығы, қызметкерлері, студенттері мен контрагенттер арасында колледж ұстанымын түсіне отырып, жемқорлықтың қандай да бір түрінен бас тартуды қалыптастыру;

2.2.2. колледж басшылығы, қызметкерлері мен студенттерін сыбайлас жемқорлыққа тәуелділігін азайтуға қатыстыру;

2.2.3. колледжде жемқорлық орын алған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескерту;

2.2.4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шараларының тиімділігіне сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізу;

2.2.5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын ұжымдық сана қалыптастыру;

2.2.6. параға сатылатын тұлғаларға тосқауыл жасау мақсатында жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық механизмін құру;

2.2.7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заң қағидалары мен талаптарын біліп және оны сақтаудағы колледж қызметкерлері міндеттерін белгілеу;

3. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі

Мекеме - меншік түріне қарамастан қызметінің бағыты мен мақсатына сәйкес құрылған заңды ұйымдық құрылым.

Контрагент (лат. contrahens, contra hens - уағдаласушы) - шарт жасасушы тараптардың бірі; шарт бойынша белгілі бір міндеттемені мойнына алған жеке немесе заңды тұлға.

Пара - пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы өзі немесе басқа адамдар үшін пайда түрінде пара алу.

Коммерциялық сатып алу - коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға зансыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өзінің қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесінде пайдалануы үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету.

Комплаенс - ағылшын (compliance) сөзінен аударғанда «сәйкестік» дегенді білдіреді. Іс жүзінде комплаенс мекеме қызметінің кәсіби тәжірибесімен, этикасымен, заңдық талаптары және басқа да нормалары мен, ұйымды имидждік және басқа да материалдық шығындарға әкеліп соғатын жемқорлық тәуекелдігін азайту және болдырмау мақсатындағы сәйкестікті білдіреді.

4. КОЛЛЕДЖДІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Саясаттың негізгі түйінді қағидалары болып табылады:

4.1. Колледж Саясаты қағидаларының қолданыстағы заңнамалар мен жалпы қабылданған нормаларға сәйкестігі.

Колледжде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге ассыру ҚР Конституциясы, ҚР жасалған халықаралық келісім шарттар, ҚР заңдары мен басқа да қолдныстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

4.2. Басшылықтың өнегелік көрсету қағидасы.

Колледж басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы колледжішілік жүйе қалыптастыруда маңызды іс-әрекеттер қабылдауы тиіс.

4.3. Қызметкерлер мен білім алушыларды қатыстыру қағидалары.

Колледж қызметкерлері мен студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған заңдар мен ережелерімен дәл уақытында ақпараттануы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысуды қалыптастыру.

4.4. Сыбайлас жемқорлық қатерлеріне қарсы қолданылатын шараларға сай келу қағидалары.

Колледж қызметіндегі жемқорлық болуы мүмкін қатерін азайту үшін колледж басшылығы, қызметкерлері мен студенттері арасында жемқорлық фактісін болдырмау мақсатында іс-шаралар кешенін жасақтап оны жүзеге асыруға барынша қатыстыру.

4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру қағидалары.

Колледжде қаржы мөлшері аз талап етілетін жемқорлыққа қарсы қарапайым және айтарлықтай мәнді нәтижеге жеткізетін іс-шараларды іске асыру.

4.6. Қолданылатын жаза мен жауапкершілік қағидалары.

Колледж қызметкерлері мен студенттерінің атқаратын лауазымына, еңбек өтіліне, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, еңбек міндеткерлігін орындау барысында жемқорлық туралы құқық бұзушылыққа барған жағдайда жаза қолданылуы тиіс.

Колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруды басшылық өз жауапкершілігіне алады.

4.7. Колледж қызметінің ашықтық қағидалары.

Аталған қағида сыбайлас жемқорлыққа қарсы колледжде қабылданған стандарттар қызметтерін серіктестерді, контрагенттерді, және қоғамды ақпараттандыруды көздейді.

4.8. Үнемі бақылау жасау мен тұрақты мониторинг жүргізу қағидасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен стандарттар тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізуді жүзеге асыру жіне олардың орындалуына бақылау жасау.

5. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЙМАҒЫ

5.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы ереже атқаратын лауазымдылық қызметіне қарамастан барлық қызметкерлер мен студенттерге қарастырылады.

5.2. Колледждің басшылық құрамы, барлық қызметкерлер мен студенттер аталған Саясатта көрсетілген шаралар талаптарын сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.

5.3. Сонымен қатар Саясат Колледжбен келісім-шарт жасасқан заңды және жеке тұлғаларға да таратылады.

6. КОЛЛЕДЖДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖАУАПТЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ

6.1. Колледж әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда оның ішінде штаттық бірлігін, ұйымдастыру құрлымын, қызмет ерекшелігі мен материалдық ресурстары т.б ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың орындалуына жауапты лауазымды тұлғаны айқындайды.

6.2. Жемқорлықтың алдын-алу мен өзге де құқық бұзушылықты болдырмауға жауапты лауазымды тұлғаны өз арызы негізінде колледж директоры тағайындайды.

6.3. Жемқорлықтың алдын-алу мен сол сияқты құқық бұзушылықты болдырмауға жауапты лауазымды тұлғаның өкілеттілігі, қызметі мен міндеттерінің белгілері:

6.3.1. аталған жемқорлыққа қарсы саясатта сол сияқты жемқорлыққа қарсы шараларды белгілейтін нормативті құжаттар;

6.3.2. еңбек шарты мен лауазымдық нұсқаулық бойынша жауапты қызметкерлер;

6.4. Жемқорлықтың алдын-алу мен өзге де құқық бұзушылықты болдырмауға жауапты лауазымды тұлға колледж директорына тікелей бағынады және колледжде басшылық қызмет атқаратын басқа да тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүргізуге өкілеттілігі болады;

6.5. Жемқорлықтың алдын-алу мен өзге де құқық бұзушылықты болдырмауға жауапты лауазымды тұлғаның міндеттері:

6.5.1. жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған нормативті актілер мен іс шаралар жобасын жетілдіріп директордың бекітуіне ұсыну;

6.5.2. Колледждегі жемқорлық туралы құқық бұзушылықты анықтауға бағытталған тексеріс шаралары мен жемқорлық қауіпін бағалауды ұйымдастыру;

6.5.3. Колледж қызметкерлерінің, Колледж контрагенттері немесе өзге де тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа көндігуі мен жемқорлыққа қатысқандығы туралы түскен хабарламаларды қабылдап, анықтау шараларын жүргізу;

6.5.4. жемқорлықтың алдын алу сұрақтары бойынша қызметкерлерге жекеше кеңестер беретін іс-шаралар ұйымдастыру;

6.5.5. Колледжде сыбайлас жемкорлықтың алдын-алу сұрақтары бойынша тексеріс жүргізетін арнайы органдарға жәрдемдесу;

6.5.6. жемқорлыққа қарсы жасалған жұмыстардың қорытындысын бағалау және басшылыққа сәйкесті есептік құжаттарды дайындау;

7. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ

7.1. Колледждін барлық қызметкерлері мен студенттері міндетті:

7.1.1. Колледж мүддесі мен атынан сыбайлас жемқорлық туралы құқық бұзушылыққа қатысу немесе жасау, қоршаған ортаның әркетінің нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа соқтыруы мүмкін немесе жасау әрекеттерінен тартыну;

7.1.2. Колледж қызметкерінің сыбайлас жемқорлыққа бейімделуі болған жағдайда басшыға немесе жемкорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлғаға дереу хабарлау;

7.2. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алуға байланысты колледж қызметкерлерінің төмендегідей санатындағы тұлғаларына арнайы міндеттемелер жүктеледі:

1) ұйым басшылығына;

2) сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алуға жауапты лауазымды тұлғаға;

3) атқаратын қызметіне байланысты жемқорлық тәуекелділігі жоғары колледж қызметкерлеріне;

4) ішкі аудит пен бақылауды жүргізетін тұлғаға және т.б;

7.3. Колледж қызметкерлерімен жасалатын еңбек шартына жалпы және арнайы міндеттемелер енгізіледі;

7.4. Еңбек шартына қызметкердің сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу міндеттері енгізіліп, егер оны қызметкер бұзған жағдайда жұмыс беруші ҚР Енбек кодексін негізге алып, тәртіптік шара алуға немесе жұмыстан шығаруға толықтай құқылы.

8. КОЛЛЕДЖДЕ ЖАСАЛАТЫН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ МЕН СТАНДАРТ ТІЗБЕСІН БЕЛГІЛЕУ

8.1. Колледжде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын-алу мақсатында жемқорлыққа қарсы төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлайды.

8.2. Сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылыққа қарсы жұмыс жоспары бір оқу жылына жауапты тұлғаның құрастыруымен бір оқу жылына колледж директорымен бекітіледі және заңды қоғамдық бірлестіктермен келісіледі.

9. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАҒАНЫ ҮШІН КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІІЛІГІ

9.1. Колледждің барлық қызметкерлері атқаратын лауазымдық қызметіне қарамастан жемқорлыққа қарсы саясаттың талаптары мен қағидаларын сақтауға, сонымен қатар қарамағындағы қызметкерлердің Саясат талаптары мен қағидаларын орындамағына бақылау жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

9.2. Сыбайлас жемқорлық жасаған немесе жасауға күдікті болған қызметкерге жекеше директордың өкілеттілігімен қолданыстағы заң шеңберінде қызметтік тексеріс жүргізіледі.

9.3. Жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзып айыпты деп танылған тұлғалар тәртіптік кеңес, әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға, ҚР қолданыстағы заңдарын негізге ала отырып, құқық органдары мен басқа арнайы органдарға Колледждің бастамасымен берілуі мүмкін.

10. КОЛЛЕДЖДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімсіздігі айқындалып немесе қолданыстағы заңдар өзгерсе колледж директоры немесе комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын қайтадан жасақтап өзгертеді.

11. СІЛТЕМЕЛЕР

11.1. «Білім туралы» ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы;

11.2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы

11.3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

11.4. 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру бағдарламасы;

11.5. СТ ҚР ISO 9001-2016 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар;

11.6. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы;

11.7. Есік кәсіптік-техникалық колледжінің стратегиялық жоспары

11.8. «Есік кәсіптік-техникалық колледжінің» Жарғысы

11.9. Колледжішілік нормативтік құжаттар.