Сіздің білімге нұсқаушы: дәстүр мен инновацияны біріктіретін директор.
          Қарашаш Мұхамеджанқызы Есенова
Колледж директоры
Қарашаш Мұхамеджанқызы Есенова 1974 жылы 12 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы технологиялық институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласының Заң колледжінде әдіскер болып бастаған. 1999 жылы Алматы қаласындағы Заң колледжінің Қызылорда филиалының оқу бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2001 жылы Алматы қаласы Заң колледжінің әдіскер-үйымдастырушы, 2002 жылы Алматы қаласы заң колледжі Бас директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2002 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Есік кәсіптік-техникалық колледжі» мекемесінің директоры болып табылады. Басшылық лауазымымен қатар арнайы оқытушы болып жұмыс істейді.Жоғары санатты бар. Жалпы еңбек өтілі 25 жыл.
Жарияланымдар: «Кәсіптік мектеп журналында «сорта пшеничной муки» атты сабақтың әдістемесі, 2011ж., «Кәсіптік бағыт бағдар – болашаққа жол» жинағында «Значение, роль первых курсов в питании, классификация» атты сабақтың әдістемесі 2015ж., Кәсіптік мектеп журналында «Педагогическая мастерская как иновационная технология» атты сабақтың әдістемелік әзірлемесі, 2016ж. «Жарқын болашақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «блюда из натуральной рубенной и котлетной массы» атты сабақтың әдістемесі 2017 ж.
Мемлекеттік наградалар, көтермелеулер (грамоталар және т. б.): ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғысы, 2009ж., «Нұр Отан» ХДП мадақтамасы, 2012ж., Алматы облысы білім басқармасының құрмет грамотасы, 2013ж., Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің алғыс хаты, 2015ж. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ алғыс хаты 2018 ж, аудан әкімінін құрмет грамотасы 2018ж, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасынан алғыс хат 2018 ж. Есік қаласының әкімінен алғыс хат 2020 ж., «ОДАҚ» Еңбекшіқазақ ауданының тұрақты экономикалық адамға арналған Альянсынан алғыс хат 2019 ж. Есік қаласы аудан әкімінін Құрмет грамотасы 2022 ж.
Біліктілікті арттыру: «Білім беру сапасын арттыру үшін білім беру ортасында қолданылатын инновациялық технологиялар» ALEM-KZ Инновациялық менеджмент орталығы; «заманауи жабдықтар жағдайында информатиканы оқыту қызметінің жаңа тәсілдері» Алматы облыстық кадрларды кәсіби дамыту институты; «Білім беруді жаңғырту жағдайында қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану білім беруді жаңғырту жағдайында қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану» Ғылым мен білім беруді интеграциялау институты; «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «кәсіптік білім беру орталығы» модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру»; Алматы облысының білім басқармасы «WORLD SKILLS модульдік-құзыреттілік тәсілдемесі мен стандарттарын енгізу шеңберінде өндірістік оқыту шеберлері мен Арнайы пәндер оқытушыларының қызметі»; Параграф Bilim «оқу процесіне қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу» білім беру платформасы; «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу-тренинг орталығы «Педагогтердің IT-құзыреттерін дамыту және жетілдіру»; «Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу процесіндегі сыртқы бағалаудың негізгі рәсімдері» Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы Коммерциялық емес ұйымы; «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту»; РИПО республикалық кәсіптік білім беру институты «цифрлық технологиялар кәсіптік білім беруді трансформациялаудың шарты ретінде. Шетелдік тәжірибе» Беларусия мемлекеті.